Қарағандыдағы өрттің себебі айтылды

Қарағандыдағы өрттің себебі айтылды сурет: Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Үйдің төбесі толықтай өртеніп кетті.


Қарағанды облысының ТЖД бастығы тұрғын үйде болған өрттің себебін хабарлады. Үйдің төбесі толықтай өртеніп кетті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Қарағанды облысының ТЖД бастығы Мұрат Катпановтың айтуынша, өрт 5-қабаттағы пәтердің балконында пайда болған. Кейін от ғимараттың бүкіл шатырын шарпыған.



«Болжам бойынша, ғимараттың шатырының жалпы ауданы 840 шаршы метрді құрайды. От шатырды толығымен шарпыған. Өрт шамамен күндіз сағат үште пайда болды. Өртті бір сағат ішінде, сағат 16.00-де ауыздықталып, 16.23-те жойылды. Барлығы 37 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды. Өртті жоюға 88 адам мен 17 техника жұмылдырылды», - деді Мұрат Қатпанов.



Қазіргі уақытта су төгу жұмыстары жалғасуда. Жергілікті жерде өрттің себептерін анықтау бойынша арнайы бөлімшелер жұмыс істеуде.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55