Қарағандыда бір көшенің ондаған тұрғыны эвакуацияланды

Қарағандыда бір көшенің ондаған тұрғыны эвакуацияланды Сурет: Tobolinfo.kz

Ешкім далада қалмайды.


Қарағандыда Университетская көшесіндегі су басқан үш үш қабатты үйлерден тұрғындар эвакуацияланды. Қазір коммуналды қызметтер ауладан су сорып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Кешеден бері Қарағанды қаласының танымал пабликтерінде көше бойларын су басып жатқаны туралы бейнероликтер жарияланып жатыр. Тұрғындарды дүрліктірген бейнекөріністерден еріген қар суының көше жолдарын басып, аулаларға кіріп жатқанын көруге болады.


Пәтер иелерімен Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек кездесті. Өңір басшысы ешкімді қиын жағдайда қалдырмайтынын атты.



«Ешкім далада қалмайды. Тиісті ұйымдар тексеру жүргізеді. Барлық қажетті шаралар қабылданады», - деді Жеңіс Қасымбек.



Қазіргі уақытта тұйықталу қаупінің алдын алу мақсатында электр қуаты сөндірілген.


Су басқан үйлерде 36 пәтер бар. Тұрғындардың көпшілігі туыстарына кетті. 23 адам қонақ үйлерге орналастырылды. Осыған дейін Қарағанды облысындағы ХҚКО-да «жеңілдікті терезелер» жұмыс істейтіні хабарланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26