Қарағанды шахтасындағы апатты тексеру қорытындысы 23 қарашада жарияланады

Қарағанды шахтасындағы апатты тексеру қорытындысы 23 қарашада жарияланады Сурет: Aa.com.tr

Қазір комиссия жұмыс істеп жатыр.


Қазақстан үкіметінің мүшелері Ленин шахтасындағы апатты тексерудің қорытындылары қарашаның 23 күні жарияланатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«23 қарашада қорытынды береміз. Біз БАҚ өкілдерін жинап тергеп-тексерудің қорытындысын жариялаймыз. Қазір комиссия жұмыс істеп жатыр», - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.



Естеріңізге сала кетейік, 3 қарашада «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Ленин шахтасында апат болып, 5 кенші қаза тапты.


ТЖ фактісі бойынша ҚР ҚК 277-бабының 3-бөлігі («Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Мемлекет басшысы «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнында апаттар жиілеп, қайталана беретін жағдайға жеткенін айтып, компанияға тексеру жүргізу керектігі туралы айтқан болатын.


Жалпы Ленин атындағы шахта іске қосылған 1964 жылдан бері 69 адамның өмірі қиылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37