Қарағанды облысында үш адам суға батып кетті

Қарағанды облысында үш адам суға батып кетті
Cурет: Ашық дереккөз

Іздеу жұмысына 86 адам, 29 техника және 2 жүзу құралы жұмылдырылды

Қарағанды облысында 21, 19 және 15 жастағы үш жігіт суға батып кетті. Құтқарушылар екі мәйітті Қусақ өзенінің түбінен алып шықты. Суға батып кеткен тағы бір жігіт Кеңгір су қоймасынан табылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Қарағанды облысы ТЖД-ның мәліметінше, 14 мамыр сағат 12:00-де диспетчер пультіне Қошқар ауылынан оңтүстікке қарай 3 шақырым жерде Құсақ ауылдық округінде 2001 жылы туған жас жігіт пен 2007 жылы туған жасөспірім жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

«Іздеу жұмысына 86 адам, 29 техника және 2 жүзу құралы жұмылдырылды. Сағат 12:35-те жергілікті тұрғындар 2001 жылы туған марқұмның денесін өзеннен тауып алды. Қаза тапқан екінші адамның мәйітін құтқарушылар 17:55-те 6 метр тереңдіктен алып шықты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - делінген хабарламада.