Қарағанды облысында ірі қара мал қырылып жатыр

Қарағанды облысында ірі қара мал қырылып жатыр
Сурет: Meat-expert.ru

82 бас қырылып қалған.

Қарағанды облысының ветеринария басқармасының мәліметінше, Қарағанды облысында 260 ірі қара мал белгісіз ауруға шалдығып, 82 бас қырылып қалған, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Turkystan.kz сілтеме жасап.

«3-10 маусым аралығында Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақшоқы ауылдық округінде ірі қара мал (ІҚМ) арасында инфекциялық сипаттағы ауру белгілері байқалды. Барлығы 260 бас ауырып, 82 бас өлген (9 бас сиыр, 11 бас құнажын және 62 бас екі-үш айлық бұзау). Мәйіттер инсинератормен өртеу арқылы жойылды. Жою жұмыстары ауылдық округке тиесілі ескі мал қорымы аумағында мүдделі мемлекеттік органдардың, аудандық ветеринариялық станция мамандарының қатысуымен жүргізілді», - деп хабарлады ведомство.

Шенеуніктердің айтуынша, ветеринарлық мамандар ауру малға симптоматикалық ем жүргізіп жатыр.