Қарағанды фармацевтикалық зауыты «Спутник Лайт» вакцинасын шығарады

Қарағанды фармацевтикалық зауыты «Спутник Лайт» вакцинасын шығарады
Сурет: Inform.kz

«Спутник Лайт» Қазақстанда өткен жылы тіркелген.

«Қарағанды фармацевтикалық кешені» бір компонентті «Спутник Лайт» вакцинасын өндіруді бастайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Гамалея атындағы Ресей ғылыми-зерттеу институтында ревакциналау үшін жасалған препараттың дәлелденген тиімділігі 79,4% құрайды.

Аталған вакцинаның валидациялық партиялары ҚФК-да шығарылып, Ресейге сапаны бақылауға жіберілді және Қазақстандық өндірістегі препаратты РФ-да тіркеу күтілуде. Айта кету керек, дәл осы ҚФК қазақстандықтарды вакцинациялау үшін COVID-19 вирусына қарсы алғашқы «Спутник V» препаратын шығаруды жолға қойды. 2021 жылдың ақпан айынан бастап пандемия кезінде инфекцияның таралуына қарсы күресу үшін азаматтық айналымға 7 миллион доза вакцина жіберілді.

Келесі қадам - халықты қайта вакциналауға арналған «Спутник Лайт» бір компонентті препаратын өндіруді игеру. Коронавирусқа қарсы вакциналардан басқа «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС қатерлі ісік, гемофилия, склероз, қант диабеті және орфандық ауруларға қарсы тиімділігі жоғары дәрілерді шығаруға маманданған.

Сондай-ақ, өте сирек кездесетін мукополисахаридоз, Гоше ауруы, цистикалық фиброз және буллезді эпидермолиз аурулары бар науқастарға арналған препараттар өндіріледі. ҚФК қуаттылығы жылына әлеуметтік-маңызды препараттардың 4 млн қаптамасын шығаруға мүмкіндік береді.