Қара шайдың қан қысымына әсері бар ма?

Қара шайдың қан қысымына әсері бар ма?
Сурет: Tea.ru

Қан қысымы жоғары адамдарға қара шайға әуес болмаған жөн – дәрігер

Қара шай артериалды қан қысымын түсіруге көмектеспейді. Бұл туралы ресейлік кардиолог-дәрігер Юрий Конев РЕН ТВ-ға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұған дейін ғалымдар қара шайды күніне екі рет ішу жоғары қан қысымын түсіруге көмектеседі деп мәлімдеген болатын. Гипертониктерге бұл сусынды неліктен ішуге болмайды? Артериалды қан қысымын түсіру үшін қандай азық-түлік өнімдерін шектеу керек?

Қара шай артериалды қан қасымын түсіруге көмектеспейді, керісінше көтереді, деп ескертті дәрігер-кардиолог. Маманның айтуынша, қан қысымы жоғары адамдарға көк шай ішу керек.  

Артериалды қан қысымын түсіру үшін кардиолог тұзды және майлы тағамдарды азайтуға кеңес берді.

«Майлы, тұзды, әсіресе, консервіленген өнімдер – маринадтар, тұздалған өнімдерді дереу қысқарту керек», - деп атап өтті Конев.

Бірақ, майлы тағамды рационнан толықтай алып тастауғада болмайды деп санайды кардиолог.

Зерттеу нәтижелері

Ал Nutrients журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, қара шай жоғары қан қысымымен күресуге көмектеседі. Мұндай шешімді зерттеушілер 19 адамның қатысумен өткен тәжірибеден кейін шығарған. Бұл зерттеуге қатысқандар сегіз күн бойы қара шайды күніне екі реттен ішкен және нәтижесінде олардың қан қысымы төмендеген. Зерттеу деректері бойынша, сусынның адамға әсер етуі оны ішкеннен кейін бір сағаттан соң әсер еткен.