«Қара алтын» бағасы қымбаттады

«Қара алтын» бағасы қымбаттады
Сурет: Report.az

Мұнай бағасы 1,21 пайызға өсті.

Brent сұрыпты мұнай бағасы 105,12 доллар болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап. 

22 шілдедегі жағдай бойынша, оның бір баррелі 1,21 пайызға қымбаттады. WTI фьючерстерінің құны 97,53 долларға жетті. Бағаның өсуіне геосаяси қатерлер мен ресейлік энергия ресурстарына қарсы салынған санкциялар салдарынан әлемдік мұнай жеткізілімдері қысқаруы мүмкін деген болжамдар себеп болып отыр.

Азияда шикізатқа деген сұраныстың біртіндеп артуы мен маусым айында Үндістанда бензинге деген рекордтық сұраныс мұнай бағасының өсуіне әсер етуде. 

Алайда шикізаттың қымбаттауын әлемдегі ең ірі мұнай тұтынушыларының бірі саналатын АҚШ-тағы сұраныстың аз болуы, сондай-ақ доллар бағамының қазіргі жағдайы және рецессия болады деген болжамдар тежеп отыр.