Қар тазалау жұмысына кедергі келтірмеңіздер!

Қар тазалау жұмысына кедергі келтірмеңіздер! Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда коммуналдық қызметтердің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды


12 ақпанда сағат 07:10-нан бастап Алматыда қар аралас жаңбыр жауа бастады, ол күні бойы арасында үзілістермен жауады деп болжануда және қар 13 ақпан күні түске дейін жауатын болады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы



Түнгі кезеңде 487 бірлік арнайы техника, оның ішінде 172 құм таратқыштың және 286 жол жұмысшысының кезекшілігі ұйымдастырылды. Тротуарларды, жалпы пайдалану орындарын, әлеуметтік маңызы бар объектілерге қардан тазарту үшін 176 бірлік шағын габаритті тротуар жинау техникасы тартылды. 




Сағат 08.00-ден баста күшейтілген 528 техника бірлігі және 1180 жол жұмысшысы қарды тазартумен айналысуда. Аудан әкімдіктерінде қар тазалау жұмыстарын бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. 


Ауа-райының нашарлауына байланысты жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің назарын жолдардағы жағдайға жіті назар аударуды сұраймыз. Жүргізушілер қауіпсіз жылдамдық режимін сақтауы, автомобильдер арасындағы қашықтықты және бүйірлік аралықты қауіпсіз қашықтықта ұстауы керек, жолда маневр жасағанда абай боған жөн. 


Сондай-ақ, жүргізушілерден қар тазалау техникасының жұмысына кедергі келтірмеу үшін автокөліктерді тек белгіленген орындарға қоюды сұраймыз. 



Естеріңізге сала кетейік, жолдарды, тротуарларды және қоғамдық орындарды сапасыз тазалау жағдайында Whats App +7 (706) 689 8898 бойынша жазуға болады. 



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31

12:19