Қар тазалау қарқынды жүріп жатыр

Қар тазалау қарқынды жүріп жатыр almaty-akshamy.kz

Алматы қаласында 2022 жылғы 15 ақпан қар тазалау бойынша ақпарат


Алматы қаласында қыстың соңғы айында рекордтық мөлшерде - қалада 17-20 см қар (09.30-дағы жағдай бойынша), тау бөктеріндегі аудандарда 35 см-ге дейін, таулы жерлерде 50 см-ге дейін қар жауды.


Көктайғақтың алдын алу мақсатында сағат 00.00-ден бастап жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіледі. Түнгі сағат 03.30-дан бастап жол полициясының патрульдік машиналарының еріп жүруімен қар күреу колонналары ұйымдастырылды. Таңертеңгі қарбалас уақытта автокөліктердің кедергісіз жүруін ұйымдастыру мақсатында магистральды көшелерде және қаланың жоғарғы бөлігінде қар үш рет тазартылды.


Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, ортақ пайдалану орындарын механикаландырылған және қолмен тазалау жұмыстары күшейтілді.


Сағат 09.30-дағы жағдай бойынша 450 текше метр қар шығарылды.


Қар тазалауға барлығы 616 бірлік арнайы техника, 1463 жол жұмысшысы жұмылдырылды, көктайғаққа қарсы 3050 тонна материал пайдаланылды.


Аудандық әкімдіктерде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.


"Қазгидрометтің" болжамы бойынша, 15 ақпанда күннің бірінші жартысында қардың жаууы тоқтайды. Бүгін күндіз ауа температурасы 0-3 градус аяз болады.


Алматы қаласының тұрғын үй саясаты басқармасы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07