Қар құрсауынан 91 адам құтқарылды - ТЖМ

Қар құрсауынан 91 адам құтқарылды - ТЖМ Cурет: ТЖМ

Өткен тәулікте елімізде қар құрсауынан 91 адам, оның ішінде 14 бала құтқарылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Атап айтқанда, 22 наурызда сағат 01.23-те Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданында айналма жолда ТЖД құтқарушылары қар құрсауында қалған жеңіл автокөліктен 7 адамды, оның ішінде 2 баланы елордаға жеткізді. Құтқарылғандар медициналық көмекті қажет етпеді. Авариялық-құтқару жұмыстарына Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД-ның 2 құтқарушысы мен 1 техникасы жұмылдырылды.


22 наурызда Арқалық қаласында, Амангелді және Әулиекөл аудандарында ТЖД күштері автожолдарда қар құрсауында қалған автомобильдерден 32 адамды, оның ішінде 5 баланы жақын маңдағы елді мекендерге жеткізді. Құтқарылғандар медициналық көмекті қажет етпеді.



22 наурызда сағат 14.30 – да Қарқаралы ауданында «Қарағанды – Аягөз-Бұғаз» автожолының 207 шақырымында, Қарқаралы қаласынан 7 шақырым жерде Қарағанды облысының ТЖД құтқарушылары қар құрсауында қалып қойған «Тоyоtа Carina» автокөлігінен 4 адамды құтқарып, Қарқаралы қаласына жеткізді.


22 наурызда түнгі 22-10 Ақтоғай ауданында «Ақой-Ақтоғай-Балқаш» автожолының 160 шақырымында, Қарағанды облысы ТЖД күшімен және «Берер» ЖШС қызметкерлерімен қардан тазаланған учаскеге 16 жеңіл автокөлік шығарылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26