Қапшағай жағажайында демалыс күндері 40-қа жуық бала жоғалады

Қапшағай жағажайында демалыс күндері 40-қа жуық бала жоғалады
Сурет: Tengrinews.kz

Алматы облысындағы Қапшағай жағажайында демалыс күндері 40-қа жуық бала жоғалады.

«Бұған басты себеп - ата-аналардың жауапсыздығы», - дейді құтқарушылар.

Өңірде күн ысығалы бері, суға түсетіндер күрт көбейген. Күн сайын 4-10 жас аралығындағы 5-6 баладан жоғалып жатады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Олар көп жағдайда табылады. Дегенмен, құтқарушылар қайғылы оқиғаны болдырмас үшін, ата-аналарға барынша сақ болып, балаларды қараусыз қалдырмауды ескертіп отыр.

Еске салайық, 10 күн бұрын Қапшағай су қоймасында бір үйдің төрт бірдей адамы суға кеткен. Олардың арасында 2 бала бар.