Қаңтарда ұрланған 318 миллион теңгенің мүлкі тәркіленді

Қаңтарда ұрланған 318 миллион теңгенің мүлкі тәркіленді
Сурет: Sputnik.kz

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған мүліктер табылып жатыр.

Бұл туралы ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділовтың айтуынша, бүгінде 318 миллион теңге тұратын ұрланған мүлік тәркіленген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ол тұрғындардан және кәсіпкерлік субъектілерден ұрланған мүлікті табу және алу бойынша жұмыстар жүріп жатқанын айтты.

«Бүгінгі таңда 318 миллион теңге тұратын ұрланған мүлік тәркіленді. Оның ішінде 12 автокөлік, тұрмыстық техниканың 319 данасы, 189 зергерлік бұйым, 286 ұялы телефон, 546 киім, 16 миллион теңге», - деді ол.