Қаңтарда экспорт көрсеткіші өскен

Қаңтарда экспорт көрсеткіші өскен
Сурет: Times.kz

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.

Министрдің сөзіне сүйенсек, негізі пайда алып келетін экспорт саласында өсім бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров елдің қаңтар-ақпандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша баяндама жасады.  Оның сөзіне сүйенсек, негізі пайда алып келетін экспорт саласында өсім бар, қазір 6,1 млрд долларға жетті. 

«Қаңтарда сыртқы сауда тауар айналымы 63%-ке өсіп, 8,8 млрд доллар болды. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 56%-ке артып, 1,7 млрд долларға дейін жетті. Ал тауарлар импорты 2,8 млрд доллар болды. Жалпы, оң сауда балансы – 3,3 млрд доллар», - деді министр.