Қаңтарда Алматыда қаза тапқан снайпердің кім екені белгілі болды

Қаңтарда Алматыда қаза тапқан снайпердің кім екені белгілі болды
Сурет: Vlast.kz

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктерге 12 ұйымдасқан қылмыстық топ қатысқан - Бас прокуратура

ҚР Бас прокуратурасының 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов қаңтар оқиғасында Алматыда қаза тапқан снайпердің кім екені айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«5 қаңтар күні Атырау облысында қылмыскерлер полиция қызметкерлері мен әскерилерге қатысты зорлық-зомбылық көрсету арқылы әкімдік ғимаратын қиратты. Полиция қызметкерлерінің көпшілігі ауыр дене жарақаттарын алса да, соңына дейін қаруды қолданған жоқ. Бірнеше рет ауаға атып, адам өміріне қауіп төнген соң полиция қызметкерлері қаруды қолданды. Нәтижесінде бір снайпер қаза болды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Сондай-ақ тәртіпсіздіктер кезінде оқ атқан күдіктілер туралы мәлімет айтты.

«Анайы прокурорлар жүргізілген сот молекулярлық генетикалық сараптама нәтижелерімен Алматы қаласында қаза тапқан снайпердің жеке басы анықталды. Барлығы 4 оқ атушы болды. Қаза тапқанның денесін жақтастары өздерімен бірге алып, қалалық аурухана маңында қалдырып кеткен. Кейін ол қалалық мәйітханада анықталды. Ол «С» есімді азамат болып шықты. «Қайғылы қаңтар» оқиғалары кезінде ол тұрғын үйдің төбесінде орналасып, Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлерін көздеп оқ атқан. Қазіргі таңда қалған 3 террористі анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізілуде», - деді Елдос Қилымжанов.