Қаңтар оқиғасында ұсталғандарды азаптады деген күдікпен 2 полицей тергеліп жатыр

Қаңтар оқиғасында ұсталғандарды азаптады деген күдікпен 2 полицей тергеліп жатыр
ortcom.kz

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бұл арыздардың бәрі объективті түрде қарау үшін басқа да түрлі органдарға жіберілген. Кейбір арыздарды арнайы прокуратура, кей арыздарды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тексеріп жатыр. Бүгінгі күні біздің қызметкерлерден екі адам жауапқа тартылып жатыр. Оның бірі Алматы облысында, екіншісі Алматы әуежайының полиция бөлімінің басшысы тергеу органдарында жауап беріп жатыр. Тергеу-тексеру жұмыстары әлі де жүріп жатыр, арыздардың бәрі тексерілу үстінде. Қанша адам жауапқа тартылатыны, қандай нәтиже болатыны әлі белгісіз», - деді Марат Қожаев.