Қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстанда 230 адам қаза болды

Қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстанда 230 адам қаза болды
Сурет: Azattyk.org

Қаңтар трагедиясында ең көп адам қазасы Алматы қаласында тіркелген. 

ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Мәжілістің жалпы отырысында қаңтар оқиғасы кезінде 230 адамның қаза болғаны туралы деректі айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

«Қазақстан бойынша 230 адам қаза болды. Оның ішінде 19 әскери және күштік құрылымдар қызметкері бар. Қаза болғандардың ең көбі Алматы қаласында болған, олардың саны – 139 адам. Бүгінгі таңда әкімшілік ғимараттардың шабуылына тойтарыс беру кезінде және құқық тәртібін жүргізу барысында 86 шабуылдаушының көзі жойылғаны анықталды», - деді Берік Асылов.