Қаңтар оқиғасы бойынша терроризм бабымен 46 адам күдікке ілінді

Қаңтар оқиғасы бойынша терроризм бабымен 46 адам күдікке ілінді Сурет: Vlast.kz

Ұйымдасқан топтың мүшелері қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.


Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев қаңтар оқиғасына қатысты терроризм бабымен екі іс қаралып жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Қазіргі кезде терроризм бабы бойынша екі іс қаралып жатыр. 24 ұйымдасқан топтың мүшелері қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Ал терроризм бойынша 46 адам күдікке ілінді», - деді Ә. Шындалиев Сенатта тілшілер сауалына жауап бере отырып.



Сонымен қатар ол қаңтар оқиғасы кезінде қылмыс жасаған адамдардың арасында басқа елдердің азаматтары болғанын атап өтті. Дегенмен Бас прокурордың орынбасары олар қай мемлекеттерден келгенін нақты айта алмады.


Бұдан бұрын хабарланғандай, қаңтарда 20-ға жуық адам жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушы ретінде күдікке ілінді.


Сонымен қатар қаңтар оқиғасы кезінде заң бұзған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тек біреуіне рақымшылық жасалатыны мәлім болды.


Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Рақымшылық жасау туралы» Заң қабылданды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41