Қаңтар оқиғасы бойынша 17 адам сотталды

Қаңтар оқиғасы бойынша 17 адам сотталды
Сурет: Gov.kz

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты.

Оның айтуынша, 135 азамат бас бостандығын шектеуге және қоғамдық жұмысқа тартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Бүгінгі күні кінәні мойындағанына және залалды өтегеніне байланысты 135 азамат бас бостандығын шектеуге және қоғамдық жұмысқа тартылды. Қаруды ұрлауға және сақтауға байланысты ауыр қылмыс жасаған, залалды өтемеген және бұрын сотталған 17 адам бас бостандығынан айырылды», - деген Бас прокуратура өкілі сотталғандардың әрекетінен бірнеше мысал келтірді.

«Алматы қаласының Жетісу аудандық аудандық соты 2021 жылы соттаған және пробациялық бақылаудағы азамат С-ны 4 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жаппай тәртіпсіздік кезінде қарақшылық әрекеттер жасап, ірі сомада ұрлық жасаған. Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен азамат Н «Анна» қару-жарақ дүкенінен 4 мылтық пен оқ-дәрі ұрлағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды», - деді Елдос Қилымжанов.