Қаңтар айында теміржолдағы жолаушылар тасымалы 22 пайызға артты

Қаңтар айында теміржолдағы жолаушылар тасымалы 22 пайызға артты
Сурет: Inbusiness.kz

Бұл көрсеткіштің артуына қаңтар оқиғалары да,  карантин де кедергі бола алған жоқ.

Ештеңеге қарамастан, қаңтар айындағы теміржолдағы жолаушылар тасымалы 22 пайызға, ал жолаушыларға көрсетілетін теміржол көлігі қызметтерінің бағасы 6%-ға өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еnergyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында теміржол көлігімен 1,3 млн адам қатынаған. Қазақстан Республикасындағы қаңтар оқиғаларына, сондай-ақ «омикронға» байланысты карантинге қарамастан, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 21,7%-ға артық болып тұр. Жолаушылар тасымалының айналымы 1,1 млрд пкм құрады, бұл бір жыл ішінде 36,1% артық деген сөз.

Жолаушылар тасымалы бойынша көшбасшылар - елорда (333,4 мың адам – өткен жылмен салыстырғанда 31,1%-ға көп), сондай-ақ Ақтөбе және Қызылорда облыстары.

Анықтама үшін: 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда жолаушылар тасымалы өткен жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда 40,1%-ға өсіп, 15,9 млн адамды құрады.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында бұл сектордағы жүк тасымалы 37,1 млн тоннаны құрады, бұл бір жылда 10% артық деген сөз. Жүк айналымы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 17,3%-ға артып, 27,2 млрд тонна-километрге жетті.

Анықтама үшін: 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда теміржол көлігімен 416,1 млн тонна жүк тасымалданды, бұл жылына 0,7% артты дегенді білдіреді.

Теміржол көлігі кәсіпорындарының кірістері бір жылда құндық мәнде 15,3%-ға өсіп, 2022 жылғы қаңтарда 98,5 млрд теңгені құрады.

Салыстыру үшін: 2021 жылдың сәйкес кезеңінде сала кәсіпорындарының кірісі 85,4 млрд теңгені құрап, 15,1% -ға артқан.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында жолаушылар теміржол көлігі қызметтерінің бағасы бір жыл ішінде 5,7%-ға өсті. Бағаның бір жылдағы 13,1%-ға өсуін ең қатты сезінген Маңғыстау облысының тұрғындары болды. Ең жоғары өсім қарқыны бар үш аймаққа Қостанай (жылына плюс 8,4%) және Атырау (плюс 8%) облыстары кірді. Жылдық баға өсімінің ең аз көрсеткіші Шымкентте тіркелді, бұл – 1%-ға тең.