12 қаңтар күнгі ауа райы болжамы

12 қаңтар күнгі ауа райы болжамы
flickr.com

12 қаңтар күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың тек батысы мен солтүстігінде фронталды бөліктердің ықпалынан қар, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр және қар түрінде) болады. Ел бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, батыста көктайғақ, солтүстікте жаяу бұрқасын болжанады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атырау облысының батысы, шығысы мен орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысының батысы мен орталығында жаяу бұрқасын, солтүстігінде тұман болжанады.

Түркістан облысының оңтүстігі мен батысында, сондай-ақ таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман болады. Таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының оңтүстігі мен солтүстігінде тұман күтіледі. Жалаңашкөл ауданында желдің күші 15-25 м/с артады.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында жел 15-23 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болжанады. Күндіз оңтүстік-батысы мен таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының солтүстік-батысында, Маңғыстау облысының батысы мен орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, Павлодар облысының шығысында, Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман, көктайғақ болады.