Қант диабетінің асқынуын енді онлайн анықтауға болады

Қант диабетінің асқынуын енді онлайн анықтауға болады
Cурет: 24.kz

Бұл жобаны отандық ғалымдар ойлап тапқан.

Бірегей жүйе қант диабетінен болған көз түбі ауруларын 91% дәлдікпен көрсетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Диабеттік ретинопатия – көздің торлы қабығындағы қан тамырларын әлсірететін көз ауруы. Бұл дертті дер кезінде емдемесе, онда көздің көру қабілеті нашарлайды. Ал отандық өнім арқылы диагнозды дөп қойып, аурудың алдын алуға болады. Тек аппаратпен көз түбін суретке түсірсе болғаны.

 «51 жүйе мобильді функция камерасын қолдану арқылы ауыл аймақтарда орта дәрежедегі медбикелердің көмегімен көз түбінің суреті түсіріледі де біздің жүйеге енгізіледі. Әрі қарай жасанды интеллект алгоритмі диабеттік ретинопатия бар жоғын және қай стадияда екенін анықтайды», -  дейді жоба жетекшісі Еркебұлан Жәнібекұлы.

Медицинаның бұл жетістігінің игілігін енді ауылдағы жұр та көре алады. Жүйеге енген сурет автоматты түрде аудан немесе облыс орталығындағы офтальмолог дәрігерінің базасына түседі. Сол кезде маман қашықтан қорытынды жасайды. Бүгінде бұл аппарат Астана мен Алматы қалаларында, СҚО, ШҚО, Түркістан облысы, Ақмола облысындағы емханаларда бар.

 «31 фост камера биыл сәуір айында біздің емханаға әкелінді. 400 адам өтті. Фост камерамен аурудың алдын ала аламыз. Бұл камерамен қант диабетінің асқынуын қараймз. Нәтижесі бір 10 минутта дайын болады», - скрининг мейіргері Назым Абдықасымова.

Жобаның бір ерекшелігі – дәрігердің қорытындысы науқастың электронды денсаулық паспортына тіркеледі. Жоба жетекшісі өнімді клиникаларға енгізу және ары қарай дамыту бойынша қарқынды жұмыс жүргізіп жатқанын айтады. Айтпақшы, бұл бастама мемлекет тарапынан қаржыландырылған.