Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
сурет: Gov.kz

2022 жылғы 3 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 526 717 адам, 2 - ші компонентін 9 311 459 адам салдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 
Сонымен қатар «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 1 224 519 адам, ІІ-ші дозасын 1 154 127 адам салдырды.