Қанша адам зейнетақы жинағын баспана мен емге жұмсағаны белгілі болды

Қанша адам зейнетақы жинағын баспана мен емге жұмсағаны белгілі болды
Сурет: Ашық дереккөзі

Орта есеппен әр азамат 800 мың теңге алды

1,7 млн астам қазақстандық зейнетақы жинақтарын баспана алуға және емделуге жұмсаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz БЖЗҚ сайтына сілтеме жасап. 

«1 тамыздағы жағдай бойынша, зейнетақы қаражаты есебінен тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін 1 328 015 өтініш орындалды. Бұл мақсатта азаматтардың шоттарына жалпы соммасы 3,1 трлн теңгеден асатын қаржы аударылды. Әр азаматқа берілген зейнетақы қаражатының орташа соммасы – 2,4 млн теңге», - делніген БЖЗҚ хабарламасында. 

Сонымен қатар, 380 мыңнан астам қазақстандық емделу үшін зейнетақы жинақтарын жұмсаған. 

«БЖЗҚ емделу үшін берілген 388 824 азаматтың өтінішін қарап, оларға жалпы соммасы 302,5 млрд теңге аударды. Орта есеппен әр азамат 800 мың теңге алды», - деп мәлім етті Қордың баспасөз қызметінен. 

Зейнетақы қорының мәліметінше, аударылған ақшаны пайдаланбаған тұрғындар да аз емес. Мәселен, «Отбасы банкіне» аударылған 31,3 млрд теңге белгіленген мерзім ішінде пайдаланылмай, кері қайтарылған.