Қандастар кәсіпкерлерге арналған 1 млн теңгеден астам грант конкурсына да қатыса алады

Қандастар кәсіпкерлерге арналған 1 млн теңгеден астам грант конкурсына  да қатыса алады
Сурет: Ktk.kz

Елімізге шетелден қоныс аударған этникалық қазақтар кәсіпкерлерге берілетін грантты жеңіп ала алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Қандастар үшін қуанышты жаңалық! 8 тамыздан бастап 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грантқа Business.enbek.kz порталында өтінім қабылдау басталады» деп мәлім етті «Отандастар қорының» баспасөз қызметінен.

Бизнеске арналған қайтарымсыз грант конкурсына қолдану мерзімі жарамды «қандас» мәртебесі бар азаматтардың қатысуына мүмкіндігі бар. Грант мемлекетке қайтарылмайды, сомасы - 400 АЕК.

Толық ақпаратты жергілікті жұмыспен қамту орталықтарынан алуға болады.