Қанат Сейдгапбаров ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары болды

Қанат Сейдгапбаров ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары болды
Сурет: Gov.kz

Президент өкімімен тағайындалды.

Қанат Сейдгапбаров ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Серікұлы Сейдгапбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды», - делінген Ақорда мәліметінде.