Қанат Исламның келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды

Қанат Исламның келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды
Сурет: Egemen.kz

Ол ұлыбританиялық Джимми Келлимен жұдырықтасатын болды.

Орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз Қанат Исламның кәсіби рингтегі келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Turkystan.kz сілтеме жасап.

Ол WBO Global белбеуі үшін ұлыбританиялық Джимми Келлимен (25-2, 10 КО) жұдырықтасатын болды. Осылайша, 25 ақпанда Флорида штатындағы Плант-Ситиде өтетін бокс кеші аясында рингке оралмақ. Бұл жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.

Бастапқыда бокс 21 қаңтарда өтеді деп жоспарланған. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты 25 ақпанға шегеріліп отыр. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Бүкіләлемдік бокс ұйымы чемпиондық атақты қорғамағаны үшін Қанат Исламнан WBO International белбеуін қайтарып алған болатын.