Қанат Исламның алғашқы жеңілісінің себебі айтылды

Қанат Исламның алғашқы жеңілісінің себебі айтылды
Cурет: Prosports.kz

Ислам бір жылдан астам рингке шықпады

Журналист Франсиско Салазар The Ring басылымы үшін жазған шолуында Қанат Исламның (28-1, 22 KO) британиялық Джимми Келлиден (26-2, 10 КО) неге жеңілгенін сараптап берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

«Бұл айқаста Қанат Исламда басымдық бар деп есептелген, британиялыққа қарағанда мықты қарсыластармен жұдырықтасқан, алайда, Келли нәтижелі болып шықты. Ислам Джейсон Миндуды нокаутқа түсіргеннен кейін бір жылдан астам рингке шықпады. Бұл оның таймингті есептей алмай, ринг ортасында шырғалып жүргенінен білінді.
Қанат кейде тұрысын сол жаққа және қайтадан кері ауыстырып отырды. Дегенмен Келли жоспарынан таймады, джебпен жұмыс істеді және аралас шабуыл жасап отырды. Джимми бастан да, денеден де комбинация жасады, осылай, Қанатты тепе-теңдіктен шығарып отырды. 
Жекпе-жек соңына таман ұпай санымен ұтылып жатқанын сезген Ислам шабуылды үдетті, алайда, бұл Келлиге бөгет болмады. Ал жақын дистанцияға келгенде британиялық Қанаттан басым болып отырды», - дейді Салазар.