Қанат Исламның алда өтетін жекпе-жектегі қарсыласы өзгерді

Қанат Исламның алда өтетін жекпе-жектегі қарсыласы өзгерді
Сурет: Egemen.kz

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Исламның кезекті жекпе-жегі 7 қазан күні Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ) өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бастапқыда Қазақстандық боксшының қарсыласы Доминикан Республикасының өкілі 32 жастағы Эдвард Уллоа Диас еді.

BoxRec.com мәліметінше, оның ендігі қарсыласы 38 жастағы аргентиналық Хавьер Франциско Монтиэль (34-17, 23 КО). Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған.

Қанат Ислам үшін бұл жекпе-жек 2022 жылғы екінші жекпе-жек болмақ. Алдыңғы кездесуде ол Джимми Келлимен (26-3, 10 КО) WBO Global титулы үшін жекпе-жекте жеңіліске ұшырады.