Қан алу кабинеттеріне камералар орнатылады

Қан алу кабинеттеріне камералар орнатылады сурет:hakmedical.kz

Елімізде қан алу кабинеттерінде дыбыс жазатын бейнекамералар орнатылмақ.


Анализге қан алатын кабинеттерде аудиожазба функциясы бар бейнебақылау камералары орнатылуы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ашық талқыға шығарған тиісті бұйырығында жазылған, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Аудио, бейне жазатын техникалық құралдар қан алу кабинетінде қолданылады. Аудио, бейнежазба пациенттің немесе оның заңды өкілінің келісімімен ғана жүзеге асырылады. 



«Аудиожазба функциясы бар бейнебақылау камераларын қан алу кабинеттерінде орнату пациенттер тарапынан шағымдарды талдау кезінде мәселелерді шешуге, сондай-ақ персонал жұмысының сапасын тіркеуге мүмкіндік береді», - делінген ведомство жазбасында.



Құжатты ашық талқылау 27 қаңтарға дейін жалғасады.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50