Қамауда отырған «Дикий Арманға» қатысты тың дерек шықты

Қамауда отырған «Дикий Арманға» қатысты тың дерек шықты
Сурет: Ашық дереккөзі

Ол Қаңтар оқиғасына қатысты деген күдікпен ұстаған болатын

Қылмыстық топтың жетекшісі Арман Жұмагелдиевке («Дикий Арман») жаңа айып тағылды, – деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz журналист Михаил Козачков Telegram-арнасына сілтеме жасап.

«Арман Жұмагелдиевке (Дикий) жаңа айып тағылды. Енді ол 2016 жылдан бері ҰҚК бесінші басқармасының бұрынғы бастығы Руслан Ысқақовтың бақылауында болған қылмыстық топты ұйымдастырды деген күдікке ілінді», – деп жазды Козачков.

Айта кетейік, 7 қаңтарда Алматы полицейлері «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті Қаңтар оқиғасына қатысты деген күдікпен ұстаған болатын.