Калифорния штатын орман өрті шарпыды

Калифорния штатын орман өрті шарпыды
Сурет: Rtvi.com

Өрт әуре етуде.

АҚШ-тың Калифорния штатындағы өрт өршіп барады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Хабар 24 сайтына сілтеме жасап.

Аймақтың солтүстігіндегі от 200 мыңнан астам гектар орман желегін жалмады. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, тілсіз жаумен 5 мыңнан аса өрт сөндіруші күресіп жатыр. Оның 3-еуі жарақат алған. Билік мыңдаған тұрғынды қауіпсіз жаққа көшірді.

Сузанвилле қаласында барар жері, басар тауы қалмаған жүздеген адам автотұрақ ішін паналауға мәжбүр.