Қаланың коммуналдық қызметтері түні бойы қар тазалайды

Қаланың коммуналдық қызметтері түні бойы қар тазалайды
almaty-akshamy.kz

 Қар жауа бастағаннан бастап қаладан 530 текше метр қар шығарылды. Қардың қалыңдығы 8-10 см, таулы аймақтарда 14 см-ге дейін жетті. Қазіргі кезде жолдарда көлік қозғалысы қауіпсіздігі қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Көлік ағынының тығыз болуына байланысты жолдың бойымен толығымен қамтып өтетін қар тазалаушы машиналар колоннасы көліктер азайғаннан кейін түнгі уақытта жұмыс істейтін болады.

Әр ауданда екі колонна жұмыс істейді, одан кейін көктайғаққа қарсы материалдар қайталап себіледі.
Көктайғақтың алдын алу мақсатында 143 құмшашқыштың күшімен жолға көктайғаққа қарсы материалдар себіліп жатыр. Осы уақытқа дейін 1827 тонна материал пайдаланылды.

Түнгі уақытта қала көшелерінде 460 арнайы техника мен 360 жұмысшы қызмет етеді.

Қазгидрометтің болжамына сәйкес, 11 қаңтар күні күндіз  10-12 градус аяз болады.


Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы