Қаланың Жетісу ауданында суық су беру тоқтатылады

Қаланың Жетісу ауданында суық су беру тоқтатылады
Сурет: Іnva.kz

«Алматы Су» МКК уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Уақытша шектеулер Жетісу ауданының сумен жабдықтау желілеріндегі технологиялық жабдықтарды ауыстыру  жұмыстарын қауіпсіз жүргізу үшін енгізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«22 маусым күні сағат 9.00-ден  20.00-ге дейін Жетісу ауданы аумағындағы Сейфуллин – Дектярев-Уссурийская-Тобаяков көшелерінің шаршысында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарда   суық су уақытша болмайды», - делінген мекеменің таратқан ақпаратында.

Анықтама телефоны: 274-66-66.