Қаламыздың көшелеріне танымал тұлғалардың есімі берілді

Қаламыздың көшелеріне танымал тұлғалардың есімі берілді
Сурет: Lada.kz

Енді қаламыздағы 10 көше белгілі тұлғалардың есімімен аталатын болды.

Алматы қаласы әкімдігі мен мәслихатының атауы жоқ көшелерге жаңа есім беру туралы қаулысы шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Аталған қаулыға сәйкес, Алматы қаласы Алатау ауданының Нұркент шағынауданы бойынша:

№1 жобалық атауы бар көшеге – Аднан Мендерес есімі;

Алматы қаласы Бостандық ауданының Ерменсай шағынауданы бойынша:

№2 жобалық атауы бар көшеге – Жақсылық Үшкемпіров есімі;

№4 көше жобалық атауы – Қаршыға Ахмедияров көшесі;

№5 жобалық атауы бар көшеге – Шолпан Жандарбекова  есімі;

Алматы қаласы Бостандық ауданының НұрАлатау шағынауданы бойынша:

№12 жобалық атауы бар көшеге – Ғазиза Жұбанова есімі;

№13 жобалық атауы бар көшеге – Кәкімбек Салықов есімі;

Алматы қаласы Бостандық ауданының Нұрлытау шағынауданы бойынша:

№6 жобалық атауы бар көшеге – Роза Жаманованың есімі;

Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша:

№2 жобалық атауы бар көшеге – Тимофей Седельниковтың есімі;

№7 жобалық атауы бар көшеге – Мәшһүр Жүсіптің есімі;

Алматы қаласы Медеу ауданының Алатау шағынауданы бойынша:

№14 жобалық атауы бар көшеге – Лев Гумилев есімі берілді.