Қалалық сот төрағасы 3 жылға сотталды

Қалалық сот төрағасы 3 жылға сотталды
almaty-akshamy.kz

Тараз қалалық сотының экс-төрағасы 3 жылға сотталды

Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Жамбыл облысы Тараз қалалық сотының экс-төрағасы Алтынбек Мадемаров пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға сотталды. 

Сотталушы сатып алу-сату мәмілесін және меншік құқығын жарамды деп тану туралы азаматтық іс бойынша оң шешімге жәрдемдескені үшін азаматтан алдау жолымен 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай қаражат алған.

Мадемаров өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.