Қалалық Қоғамдық кеңес мүшесі Бекбол Рамазан алматылықтарды шаһарды дамытуға шақырды

Қалалық Қоғамдық кеңес мүшесі Бекбол Рамазан алматылықтарды шаһарды дамытуға шақырды
Сурет: Facebook.com

Өз ұсынысын ол әлеуметтік желілерде жариялады.

Алматы әкімдігі «Алматы – адамдар үшін жаһандық қала» бағдарламасын әзірледі, онда мегаполисті 2025 жылға дейін дамытудың негізгі басымдықтары мен 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар көрсетілген. Қала тұрғындары бағдарламамен танысып, өз ұсыныстарын «Алматыны дамыту орталығының» сайтында 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін қалдыра алады. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық кеңес мүшесі Бекбол Рамазан пікірін білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Алматы қаласының тұрғындары! Өздеріңізге белгілі ағымдағы жылдың 27 маусымында қала әкімі Ерболат Досаев Алматы қаласының 2025 және 2030-шы жылдарға дейінгі орта мерзімді даму жоспарларының жобасын, қала жұртшылығына талқылауға ұсынған болатын. 46 беттен тұратын қаламыздың дамуына бағытталған презентацияны толықтай оқып, танысып шықтым. Сонымен қатар сіздердің де назарларыңызға ұсынбақпын. Міндетті түрде оқып шығыңыздар. Айтар пікірлеріңіз, алып-қосар ұсыныстарыңыз болса, пікір қалдырып кетіңіз немесе жекеме жазсаңыздар болады. Сіздердің тараптарыңыздан түскен жүйелі, пайдалы ұсыныстарыңызды біз, Алматы қалалық Қоғамдық кеңес мүшелері, өз жиындарымызда талқыға алып, әрі қарай дөңгелетуге дайын екендігімізді айтқым келеді. Оңтүстік астанамызға айналған Алматы шаһарын бірге дамытайық! Шаршамайық!» - деп жазды автор.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бек Рамазан (@bek_ramazan)