Қалада қар тазалау жұмыстары жүріп жатыр

Қалада қар тазалау жұмыстары жүріп жатыр Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда қар тазалау үшін 47 патрульдік бригада жұмылдырылды


Сағат 14:00-ден бастап Алматы қаласында сілбі қар жауа бастады. Дислокация орындарында 118 құм таратқыш кезекшілік етуде. 130 бірлік шағын көлемді арнайы техниканың күшімен тротуарлар қардан тазартылуда.



Көктайғақтың алдын алу мақсатында 47 патрульдік бригада, 386 бірлік арнайы техника және 1120 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Қардан тазартылатын көше-жол желісінің жалпы алаңы 25 млн. м2, сондай-ақ 3 339 аула аумағы бар.





Тазалау кестесі тәулік бойы: сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін күндізгі ауысым, 20.00-ден 05.00-ге дейін түнгі ауысым. 


Қысқы кезеңде қарды жинауды «Алматы Тазалық» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, сондай-ақ 9 жеке компания жүзеге асырады. Қардан тазарту жұмыстары жолдарда, жаяу жүргіншілер аймақтарында, ортақ кеңістіктерде, жер үсті өткелдері мен тротуарларда, велосипед жолдарында,қоғамдық көлік аялдамаларында жүргізілуде. Биылғы қысқы кезеңнің басынан бері 36 мың м3 қар шығарылды. 



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36