Қаладан 2720 текше метр қар сыртқа шығарылды

Қаладан 2720 текше метр қар сыртқа шығарылды Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласында 2022 жылғы 7 ақпандағы қар тазалау бойынша ақпарат


Алматы қаласында7 ақпан күні сағат 02.00-ден бастап қар жауа бастады. Қалада 8-10 см, тау бөктері мен таулы аудандарда 15-20 см қар жауды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасына сілтеме жасап.


Көктайғақ құбылыстарының алдын алу мақсатында қар жауған сәттен бастап жолдарға көктайғаққа қарсы 2120 тонна материалдар себілді. 


Жол төсемінен қарды күреу, тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жалпы пайдалану орындарын тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.


Таулы және тау бөктеріндегі жерлерден қар шығару ұйымдастырылған. Сағат 17.00-дегі жағдай бойынша 2720 текше метр қар сыртқа шығарылды.


Қар тазалау жұмыстарына 611 бірлік арнайы техника, 205 құмшашқыш және 1665 жол жұмысшысы жұмылдырылды.


Аудандық әкімдіктер мен мердігер ұйымдарда қар тазалау жұмыстарының барысын бақылау үшін тәулік бойына кезекшілік ұйымдастырылды.


"Қазгидрометтің" болжамы бойынша, қар аралас жауын-шашын үзіліспен күтілуде және күннің екінші жартысында аяқталады. Ауа температурасы бүгін күндіз 0, +2 градус, тұман, көктайғақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55