Қала әкімі жаңа сайланған депутаттармен мәслихат отырысын өткізді

Қала әкімі жаңа сайланған депутаттармен мәслихат отырысын өткізді Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бюджеттің жартысынан астамы әлеуметтік шығындарға жұмсалады. 


Алматы қаласы Мәслихатының VIII шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Оған қала әкімі Ерболат Досаев қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қала басшысы депуттарға қарата айтқан сөзінде  "сіз бен біздің басты мақсатымыз – әрбір алматылықтың әл-ауқатының артуын  қамтамасыз ету үшін қаламызды үйлесімді дамыту" екенін атап өтті.



«18 жылда алғаш рет ашық және бәсекелі сайлау өтті, оның қорытындысында Алматы қаласы мәслихатының жартысы немесе 21 депутат бір мандатты округтер бойынша сайланды. Жалпы, мәслихаттың депутаттық корпусы 67%-ға жаңарды. Алматының алдында тұрған заманауи сын-қатерлер мен ауқымды міндеттерді назарға ала отырып, өкен жылдың қыркүйек айында мәслихат 7 басым бағыттан тұратын «Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларды» қолдап, бекітті», - деді Е.Досаев.



Бекітілген Даму бағдарламасын және Мемлекет басшысының 2022 жылдың қарашасында өткен Алматы қаласын дамыту жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларын ойдағыдай орындау үшін депутаттардың қарауына  екі маңызды мәселе шығарылды:


1) Алматы қаласының 2023 жылға арналған бюджетін нақтылау;


2) Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарының жобасы.


2023-2025 жылдарға арналған қала бюджеті Алматы қаласын дамыту бағдарламасының негізгі басымдықтары негізінде қалыптастырылды.


Осы жылдың І тоқсанында экономиканың қарқынды дамуы бюджетті нақтылауға негіз болды. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 23,9%-ке өсті. Сауда (+29,4%), өңдеу өнеркәсібі (+24,5%), көлік (+21,8%) салалары экономика өсімінің драйверлері болды. Экономиканың дами түсуі мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдерді 32,1%-ке арттырды (барлығы 1 241,1 млрд.теңге салық және міндетті төлемдер (132,1%), оның ішінде республикалық бюджет - 941,8 млрд. теңге (139,3%), жергілікті бюджет – 299,3 млрд. теңге (133,5%).



«Сіздерге бюджетті нақтылауға ұсынылған 265,4 млрд. теңге осы жылдың І тоқсанындағы қосымша кірісті қалыптастыру, бюджет қаражатын іштей қайта бөлу және өткен жылдың бос қалдықтары есебінен жүргізілуде. Қосымша қаражат негізінен көлік инфрақұрылымын қалыптастыруға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын модернизациялауға, әлеуметтік қамтуға, білім беру мен денсаулық сақтауды дамытуға, қаланы абаттандыруға және көгалдандыруға бағытталатын болады. Жедел шешімдер қабылдап, оларды нақты іске асыру басты міндетіміз болып табылады, сонда біз алға қойған мақсаттарға қол жеткізе аламыз», - деді қала басшысы.



Әкімдіктің бастамасымен және Мемлекет басшысының қолдауының арқасында 1 сәуірден бастап аудандық әкімдіктерге қалалық деңгейден қосымша 15 функция берілді. Осы орайда, өкілеттіктерді орталықсыздандыру шеңберінде және ағымдағы нақтылауды ескере отырып, 8 аудандық әкімдіктің 2023 жылға арналған бюджеттері 60,4-тен 164,5 млрд. теңгеге дейін 2,7 есе көбейеді. Бұдан басқа аудан әкімдіктерінің штат саны 152 бірлікке ұлғайды, оның ішінде жаңасы – 56, 96-ы қалалық басқармалардан берілді.


Қала әкімінің сөзінше, осы шаралардың арқасында аудан әкімдіктерінде жаңа мүмкіндіктер мен қосымша қаржы ресурстары пайда болады, шешімдер қабылдау жылдамдығы мен сапасы жақсарады әрі аудан әкімдерінің халық алдындағы жауапкершілігі артады.


Сонымен қатар, депутаттардың қарауына  Алматының одан әрі дамуы үшін өте маңызды базалық құжат – қаланың 2040 жылға дейінгі жаңа Бас жоспары ұсынылды. Бас жоспардың жаңа жобасы қаңтар айында алғаш рет үлкен қоғамдық талқылаудан өтті, оның барысында қала тұрғындарынан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығынан 1300-ден астам комментарий алынды, олар негізінен жайлы қалалық ортаны қалыптастыру, экологияны жақсарту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты болды. Сонымен қоса мәслихат комиссияларының отырыстарында осы жобада ескерілген 20-ға жуық ұсыныс алынды.



«Өздеріңіз білетіндей, қаланың Бас жоспары 20 жыл бұрын әзірленген және моноорталықтық даму моделіне негізделген, яғни жұмыс орындары мен әлеуметтік-мәдени қызметтер қаланың тарихи орталығына тығыз шоғырланған. Содан бері қала аумағы жағынан да, халық саны бойынша да 2 есе ұлғайды», - деді қала әкімі Ерболат Досаев.



Жаңа Бас жоспарда тұрғын үй, әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылымы дамыған 5 жаңа полиорталық құрылатын полиорталықтық даму моделіне көшу көзделеді. Бұл осы полиорталықтардың тұрғындары үшін барлық қажетті игіліктердің жақын орналасуына мүмкіндік береді.


Алматы әкімі Е.Досаев жаңа Бас жоспар жайлы қалалық орта құру және қаламыздың барлық аудандарында өмір сүру сапасын жақсарту үшін берік негіз қалайтынына сенім білдіріп,  қаланың көркеюі үшін баршасына нәтижелі еңбек етуге шақырды. 






 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:14

10:11

09:15

08:46

08:37

08:01

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14