Кәсіптік білімі жоқ жұмыссыз жастарға қолдау көрсетіледі

Кәсіптік білімі жоқ жұмыссыз жастарға қолдау көрсетіледі Сурет: Aikyn.kz

Үкімет тиісті қаулы қабылдады.  


Қазақстанда кәсіптік білімі жоқ және жұмыссыз жүрген жастарды жұмысқа орналастыру бойынша белсенді көмек көрсетіліп, өзге де қолдау шаралары қолға алынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



Құжат "білімі жоқ және жұмыссыз" жастармен (NEET санаты) нақты жұмыс жүргізетін бірқатар орталық мемлекеттік органның құзыретін айқындайды. Осылайша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне уақытша жұмыссыз қалған жастардың жұмысқа орналасуына көмектесу, сондай-ақ жастарды жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыстың орындалуын бақылау жүктелді. Ал Мәдениет және спорт министрлігі жастардың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған мәдени және т. б. іс-шаралар кешенін жүзеге асырады.



Бұдан бөлек, Қаулыда жастармен жұмыс жасайтын мамандардың біліктілік сипаттамасын, жастар еңбек жасақтарын құру ережелерін, сондай-ақ жастарды дамыту индексін енгізу қағидаларын бекітуге мүмкіндіктер жасалған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0