Кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұлттық жобаға 35 мыңға жуық қазақстандық қатысты

Кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұлттық жобаға 35 мыңға жуық қазақстандық қатысты
Сурет: Tolqyn.kz

 Оның 24 мыңы жұмысқа орналастырылса, соның 11 мыңға жуығы тұрақты кәсіп тапқан.

Сондай-ақ «Жастар практикасы», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Алғашқы жұмыс орны» жобалары шеңберінде жастарға мемлекеттік қолдау көрсетілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысушылардың жалақысын субсидиялау мөлшері 30 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Бизнес-бастамаларды іске асыру үшін гранттар мөлшері 2 есе артып, яғни 1 млн 200 мың теңгеге жетті. Сондай-ақ биыл жастар арасынан жаңадан бастаған кәсіпкерлерге 10 мың қайтарымсыз грант беру жоспарлануда.