Кәсіпкерлерге электронды коммерция дағдылары тегін оқытылады

Кәсіпкерлерге электронды коммерция дағдылары тегін оқытылады
Сурет: Inc. Russia

Қатысушылар цифрлық кеңістікте ісін жолға қоя отырып табыс табуды үйренеді.

Курстан өтетін барлық ШОБ өкілдері бизнесті онлайн алаңда өрістетуге 1,000,000 теңгелік грант тағайындалатын ішкі конкурсқа қатысатын болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің және Mastercard төлем жүйесінің қолдауымен BTS Education шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған Электронды коммерция мектебін іске қоспақ.

Бүгінде әр кәсіпкердің бизнесі цифрлық технологияларды оның қаншалықты тиімді әрі сауатты қолданатынына байланысты. Қазақстан кәсіпкерлеріне электронды коммерция көмегімен өз бизнесін онлайн кеңейту үшін оқудан өту ұсынылады. Қатысушылар ісін цифрлық кеңістікте жолға қоя отырып табыс табуды үйренеді, өзекті digital трендтер жайында ақпарат алады. ҚР СИМ вице-министрі Әсел Жанасованың айтуынша, заманауи кәсіпкерлік экожүйені құру үшін шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау және ынталандыру шаралары қажет.