Кәсіпкерлер салық есебін банк қосымшасы арқылы тапсыра алады

Кәсіпкерлер салық есебін банк қосымшасы арқылы тапсыра алады Сурет: islam.kz

Енді жеңілдетілген декларация негізінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер банк қосымшасындағы «Салық» бөлімінде 910-нысан бойынша салық есебін тапсыра алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Азамат ПАНБАЕВ, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары:



– Мемлекеттік кірістер комитеті екінші деңгейдегі банктермен ынтымақтастық аясында Kaspi Pay платформасында шағын бизнес субъектілері үшін 910-нысанды салық есептілігін қабылдау сервисін тегін іске қосты. Бұл сервис салықты есептеуге, есептілікті жасауға және ұсынуға жұмсалатын уақытты үнемдей отырып, салық міндеттемелерін жылдам, қолжетімді, уақтылы орындауға мүмкіндік береді. Бұл бағытта ынтымақтастық қолайлы жағдай жасап, салық төлеушілер мен мемлекеттің арасындағы өзара іс-қимылды жақсарта отырып, жалғасын табады.



Жаңа сервистің көмегімен бухгалтер немесе кәсіпкердің өзі есепті  қосымшаның өзінде жасақтай алады және растаған соң, есеп МКК-ге автоматты түрде жіберіледі.


Еске сала кетсек, жақын арадағы есепті 15 ақпанға дейін, 2022 жылдың екінші жартыжылдығы үшін тапсыру керек. Келесі есепті 2023 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін 15 тамызға дейін тапсыру керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31

12:19

12:10

11:47

11:30

10:57

10:06

09:34

09:07

08:48

08:01

19:58

19:29