Кәрім Мәсімовтің орнына Самат Ерғалиев келді

Кәрім Мәсімовтің орнына Самат Ерғалиев келді

Самат Ерғалиев - еркін күрестен спорт шебері.


Qazaq kuresi қауымдастығының президенті болған Кәрім Мәсімовтің өкілеттігі тоқтатылды, оның орнына Самат Ерғалиев келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Turkystan.kz сілтеме жасап.


Қауымдастық құрылтайшыларының кезекті жалпы жиналысының қорытындысы бойынша бұл ұйымға Самат Ерғалиев президент болып сайланды.


Самат Серікқанұлы қазір Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметін атқарады. Еркін күрестен спорт шебері, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.


Айта кетсек, Qazaq kuresi қауымдастығы 2020 жылы құрылған болатын. Сол кезде қауымдастықтың президенті қызметіне Кәрім Мәсімов сайланған еді.


Бірнеше жыл Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған Кәрім Мәсімов 8 қаңтарда ұсталып, «мемлекетке опасыздық жасау» бабы бойынша қамауға алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38