Кәрім Мәсімов қамауда, ешкім ешқайда кеткен жоқ - Бас прокуратура

Кәрім Мәсімов қамауда, ешкім ешқайда кеткен жоқ - Бас прокуратура
Сурет: Kommersant.ru

Іс аяқталды.

Мәжілісте Бас прокурордың орынбасары Әсет Чиндалиев журналистердің Кәрім Мәсімовке қатысты сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz cілтеме жасап. 

«Істі ҰҚК тергеп жатыр, құпияға жатқызылды. Материалдарды таратуға болмайды. Істің мән-жайын білетін бірнеше прокурорлар ғана бар. Бұл іс бойынша күдіктілердің барлығы қамауда, ешкім ешқайда қашып кеткен жоқ. Іс аяқталды, іс материалдарын зерделеу басталды. Іспен танысу үшін ешқандай процессуалдық шектеу қойған жоқпыз», - деді ол.

Сондай-ақ, тілшілер одан жақында сот үкімі шыққан Қайрат Сатыбалдыға қатысты іс туралы да сұрады.

«Бұл істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттік тергеді. Сот "Қазақтелеком" мен "ЦТС" бойынша екі эпизодты ғана қарады. Қазіргі уақытта басқа да істер тергелуде. Экономикалық сұрақтар қарастырылады. Ол шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Бұл ереже террористік қылмыстар сияқты ауыр қылмыс жасағандардан басқа барлық жағдайда қолданылады», - деді Чиндалиев.