Кәрім Мәсімов алқабилер сотына жүгіне алмайды

Кәрім Мәсімов алқабилер сотына жүгіне алмайды Сурет: From-ua.com

Алқабилер сотына жатпайтын істердің санаты бар.


Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов алқабилер сотына жүгіне алмайды. Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашид Жүкенов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Бүгін Парламент Мәжілісінде тілшілер Ә.Жүкеновтен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасының алқабилер сотына жүгіну мүмкіндігі туралы сұрады.



«Оған қатысты қозғалып жатқан істер бойынша алқабилер сотына жүгіне алмайды. Атап айтқанда, алқабилер сотына жатпайтын істердің санаты бар. Бұл бағыттағы қадамдар заңмен реттелуі керек. Біз заң аясында жұмыс істейміз. Заң өзгерсе, негіз болады. Қазір бұл істер құпия қаралады және құпия түрде сақталады. Менің ойымша, іс бойынша тиісті ақпарат жарияланады. Кез келген мемлекетте ұлттық қауіпсіздікті қорғау бар және мемлекет кейбір ақпаратты құпия сақтауға құқылы», - деп түйіндеді Әбдірашид Жүкенов.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00