Қадір түні қашан?

Қадір түні қашан? Сурет: Baq.kz

Қадір түні – Рамазан айының соңғы он түнінің бірі. Яғни, он түннің біріне жасырылған. Ал 27-ші түн – Қадір түні болуы ең ықтимал түн.


Биыл 23 наурызда басталған қасиетті Рамазан айы 20 сәуірде аяқталады. Ал мың айдан да қайырлы Қадір түні сәуір айының 17-нен 18-не қараған түнге түсіп тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Айлардың сұлтаны Рамазан айы болса, түндердің ең қасиеттісі Қадір түні саналады. Өйткені бұл түні Құран Кәрімнің аяттары түсе бастаған.


Қадір түні жасалған ғибадат 83 жылдық сауапқа пара-пар. Жалпы, «Қадір» деген сөздің өзі араб тілінен «тағдыр» деген мағына береді. Сол себепті бұл түнде адамның бір жылдық тағдыры ғана емес, ризық-несібесі де жазылады.


Қадір түнінің белгілері


Қадір түнінің белгілері жайында Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қадір түнінде аспан ашық болады. Ыстық та, суық та болмайды. Күн қызыл болып шығады»[1], – деген.



Тағы бір риуаятта: «Қадір түні тұнық әрі жарық болып, айдың өзі бейне бір нұрға толы болады. Ол түн, суық та ыстық та емес, тыныш та жайлы болып, таң атқанша жұлдыздардың ағып түсуіне тыйым салынады. Бұл түннің тағы бір белгісі, таңертең күн сәулесі, толған ай секілді түзу болып шығады әрі шайтандарға күнмен бірге жарыса шығуларына рұқсат етілмейді» [2], – деп сипаттағаны риуаят етілген. 



Келесі хадисте: «Бұлт та, жаңбыр да, жел де болмайды...»[3] делінген.


Қадір түні не істеу керек?


Қадір түні мына төмендегі нәрселерді орындау мустахаб болады: 


Намаз оқу. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):


مَن قَامَ لَيْلَةَ القَدْرِ إيمَانًا واحْتِسَابًا، غُفِرَ له ما تَقَدَّمَ مِن ذَنْبِهِ


«Кім Қадір түнін иманмен және сауап тілеп, (намазда) тұрумен өткізсе, өткен күнәлары кешіріледі»[1], – дейді.


Дұға жасау.


Айша анамыздан жеткен риуаятта ол былай дейді: «Уа, Алланың елшісі! Мен қадір түніне сәкес келіп жатсам не деп дұға етейін?» – деп сұрадым. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сонда былай дейді:


اللهمَّ إنك عفوٌّ تُحبُّ العفوَ فاعفُ عنِّي


«Аллаһуммә иннәкә афуун тухиббул-афуә фағфу әнни (Аллаһым! Сен кешірімдісің, кешіргенді жақсы көресің. Менің күнәларымды кеш)» – деп айт»[2].


Сонымен қатар, Құран оқу, Алланы зікір ету, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айту, садақа беру т.б. ізгі амалдарды істеген жақсы болады.


Қадір түні ұйықтамай өткізу керек пе?


Қадір түнін барынша құлшылықпен өткізген дұрыс. Бірақ ұйықтамай өткізу шарт емес. Себебі Айша анамыз:


ولا قام ليلة حتى أصبح


«(Алла Елшісі) таң атқанша түнді (барлық бөлігін) намазбен өткізген емес»[1], – дейді.


Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тағы бір хадисінде:


إن هذا الشهر قد حضركم، وفيه ليلة خير من ألف شهر، من حرمها فقد حرم الخير كله، ولا يحرم خيرها إلا محروم


«Сендерге мына ай келді. Бұл айда мың айдан артық түн бар. Кімде-кім осы түннің жақсылығынан мақұрым қалса, жақсылық атауынан құр қалғаны. Оның жақсылығынан тек қана нағыз мақұрым адам ғана құр қалады»[2], – деген.


Сондықтан мұсылман адам барынша осы түнді құлшылықпен өткізіп, сауаптан құр қалмауға тырысуы қажет. Ал шаршаса кішкене тынығып, кейін ары қарай құлшылығын жалғастырудың оқасы жоқ.


 *Материал ҚМДБ сайтынан алынған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42