Көше бойындағы «бозбала мен бойжеткен»

Мәншүк БЕКБОСЫН

Таңғажайыптарды алыстан iздеп қай­темiз, кереметтiң неше атасы өзi­мiз­де де жетiп-артылады. Мысалы, Шевченко мен Фурманов көшелерiнiң қиылысында екi ағаш – терек пен қарағай өсiп тұр (суретте). Ел арасында  бұл ағаштар «Бозбала мен бойжеткен»  деп аталып кеткен екен. Бiр-бiрiмен жұптасып өскен қос ағаштың тамыры бiреу деседi. Дереккөздерге сүйенсек, әлемде мұндай үш қана ағаш бар. «Халық айтса қалт айтпайды» демекшi, ел аузында жаратылысы ерекше ағаштар жайында айтылар аңыздар көп. Мәселен, соның бiрi бойынша, ата-аналарының қарсылығынан, бiр-бiрiне қосыла алмаған қос жүрек мәңгiлiкке ағашқа айналып кетсе керек. Сол себептi осы ағашқа келген ғашықтардың жұбы ешқашан ажырамайды деседi.

Бiрақ алып екi ағашты «аңызға айналған бұл тарихын» жоққа шығарып, «жай ғана қарағаш қой, онда қасиет тұрмақ түк те жоқ, бұтағын сындырмақ түгiлi отын қылса да ештеме етпейдi» деп қол сiлтей қарайтындар да аз емес, әрине. Мәселе жұрттың бұл жердi «Аллаға емес, ағашқа табынатын орын» деп түсiнетiндiгiнде.

Дегенмен, маңайда орналасқан дүкен сатушыларының айтуынша, ерекше қос ағашты тамашалауға адамдар жиi келетiнге ұқсайды.

Жалпы оларды киелi емес, жай қарағай мен терек деп қарастырсақ та, басқа ағаштардан ерекшелiгi жер мен көктей екендiгi рас. Табиғаттың тартқан сыйы десек те, оның ар жағында алланың құдыретi жатыр… Алла тағала өзiнiң бар екендiгiн пенделерге сездiру мақсатында, әлемдi жарату барысында қандай да бiр құдырет-күштi мойындату үшiн де осы ағашқа мейiрiмi түскен болар… Кiм бiлсiн. Әйтпесе, тұрған жерiнiң топырағы ерекше, құнарлығы басым емес, кәдiмгi көптеген ағаштардың өсе беретiнi сияқты-ақ жерде тамыр жайған. Ал қос ағаштың қасындағы жасыл желектердiң барлығының бастары сол екi ағашқа қарай бас иiп, тағзым етiп тұрғандай. Таңқаласың…

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *