Көппартиялық дамиды

Зәуреш ӨМІРБАЕВА, «Алматы қаласы кәсіподақтар орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы, қалалық мәслихат депутаты:

 – Бүгін жетінші шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында еліміздің Президенті Қ.К.Тоқаев жаңа бастамаларға тоқтап, тапсырмалар берді. Мәжілістің жаңа шақырылымына мемлекеттік саясаттың одан әрі іске асырылуын айқындайтын бастама берілді.
Президент бірқатар жаңа саяси бастамаларға назар аударды.
Біріншісі – саяси партиялар үшін Мәжіліске өту шегін 7-дан 5%-ға дейін төмендету. Менің ойымша, бұл көп партиялылықтың дамуына ықпал етеді.
Екіншісі – дауыс беруге арналған бюллетеньдерге «барлығына қарсы» тармағын енгізу. Президент өміріміздің барлық саласында ырықтандыру мен демократияландыру қажет екенін біледі. Бұл тармақ Қазақстанды демократиялық елдер рейтингінде он сатыға көтереді.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау міндетін қойып отырғаны мені қуантып отыр. Ал бұл – жаңа жұмыс орындары, экономиканы дамыту және бюджетке түсетін түсімдер деген сөз.

Мен жаңа сайланған Парламент депутаттарын құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тілеймін.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *